«Тіл шебері-2016» атты аудандық байқау өтті

42

0

«Тіл шебері-2016» атты аудандық байқау өттіАрал
аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен үш
тілді жетік меңгерген жастарды анықтау мақсатында «Тіл шебері-2016»
аудандық байқауы өткізілді. Байқауға қала және аудан көлеміндегі білім
беру мекемелерінен талапкерлер қатысты. Байқау үш аталымнан тұрды.
«Мәдениеттаным» – қазақ халқының салт-дәстүрі, ділі мен тілі жөніндегі сұрақтарға қазақ тілінде жауап беру; 
«Ұлттаным» – қазақ елі тарихы мен ұлы тұлғалары, еліміздің аймақтары жөніндегі сұрақтарға орыс, ағылшын тілдерінде жауап беру; 
«Өнертаным» – 7 түрлі жаңылтпашты жаңылмай 3 рет айтудан жарысқа түсу. 
Байқауға қатысушы талапкерлер үш тілде
орфоэпиялық тұрғыда таза сөйлеуіне, тілдерді меңгеру деңгейіне,
жауаптың орамдылығы мен сапасына, киім кию тәртібіне байланысты
бағаланды. Қорытынды бойынша І-орынды №83 мектептің ағылшын тілі
мұғалімі Құрманова Гүлнұр иеленсе, ІІ-орынды Сексеуіл кенті №231
мектептің ағылшын тілі мұғалімі Жақсылықова Данагүл мен №262 мектептің
ағылшын тілі мұғалімі Дурусбергенова Бағлан бөлісті. Ал ІІІ-орныға № 13
мектептің мұғалімі Бибулатова Гүлнар мен № 19 мектептің мұғалімі
Жарасбаева Гүлім ие болды. Байқау жеңімпаздары дипломдармен,
алғысхаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.Сондай-ақ «Тіл
шебері-2016» аудандық байқауының жеңімпазы №83 мектептің ағылшын тілі
пәні мұғалімі Құрманова Гүлнұр облыста өтетін облыстық «Тіл шебері-2016»
облыстық байқауына жолдама алды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз