Тіл шебері анықталды

71

0

Қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен аймақтағы ағылшын тілі пәні мұғалімдері арасында «Тіл шебері» атты байқау өтті. Сайыс барысында қатысушылар төрт бөлім бойынша сынға түсіп, өзара бақ сынасты.
Алғашқы турда ұстаздар ағылшын тілінде дайындалған 25 сұраққа жауап берді. Ал келесі бөлімде қатысушылар қазақ, ағылшын және орыс тілінде өз-өздерін таныстырды. Сондай-ақ, ашық сабақ өту бойынша және ғылыми жоба қорғауда да ұстаздар қауымы өздерінің білікті маман екенін дәлелдеді. Алғашқы бөлімнің қорытындысы бойынша 30 үміткердің 12-сі келесі айналымға жолдама алды. 
Сайыс соңында қазылар алқасының шешімімен №5 мектептің мұғалімдері бірінші орынды жеңіп алды. Ал келесі орынға №12 мектептің тәлімгерлері лайық деп танылса, үшінші орын №10 және 8 мектеп мұғалімдеріне бұйырды.
Гүлдана ӘЛМҰХАМБЕТОВА,
№12 мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз