Тілдер мерекесі күніне орай байқаулар өткізді

112

0

Қызылорда облыстық сотында 22 қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі күніне орай «Тілім-өлшеусіз қазына, өрісі кең-әлем» атты топтық сайыс және «Сот жүйесінің үздік аудармашысы» республикалық байқаудың облыстық кезеңі өтті.

Қос бірдей сайысты тамашалауға облыс соттарының судьялары мен сот қызметкерлері қатысты.

Топтық сайысқа аудандық және оған теңестірілген соттардың жас мамандарынан құралған «Ана тілі», «Алғырлар», «Тапқырлар» және «Жалын» командалары, аудармашылар байқауына 7 үміткер қатысып, бақ сынасты.

Жергілікті соттарда іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге жаңа серпін беріп, қазақ тілінің сот жүйесінде кеңінен қолданылуына жағдай туғызу, жас мамандардың қоғамдық шараларға белсенділігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған топтық сайыс бес кезеңнен, ал аудармашылардың сайысы 3 кезеңнен тұрды.

Топтық сайыстың соңғы кезеңі «Өнер алды-қызыл тіл» капитандар сайысында ұйымдастырушылар тарапынан тосын сый ретінде дайындалған ақшалай ұтысқа жаңылтпаштарды алма-кезек қайталау барысында сөзінен жаңылмай, шапшаңдық танытқан Қазалы аудандық сотының жетекші маманы Берік Керуенбаев пен Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының жетекші маманы Нұрғаным Балтабай ие болды.

Топтық байқаудың қорытындысы бойынша бірінші орынды – «Алғырлар» командасы, екінші орынды – «Ана тілі», үшінші орынды – «Жалын» командасы иеленіп, «Тапқырлар» командасына алғыс хат табысталды. Ал, «Сот жүйесінің үздік аудармашысы» байқауының бірінші орынды иеленіп, республикалық кезеңге жолдаманы – Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы сот отырысының хатшысы – Асыл Ізтілеуова, екінші орынды – қалалық соттың бас маман-сот отырысының хатшысы Айнұр Қараманова, үшінші орынды – қалалық №2 сотының бас маман-сот отырысының хатшысы Динара Серікқызы иеленді.

         Байқау жеңімпаздары дипломдар және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Мерекелік іс-шараны қорытындылай келе, Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының және әділ қазылар алқасының төрағасы Әділхади Шығамбаев байқауға қатысушылар мен ұйымдастырушыларына белсенділік танытқаны үшін алғысын білдірді.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз