
– Соңғы бес жыл көлемінде ұлттық бірыңғай тестілеу сынағынан біздің аудан облыста алдыңғы қатарлардан, соңғы екі жылда аудан түлектері тестілеу қорытындысы бойынша облыста бірінші орынды иеленіп келеді. Биылғы мектеп бітірушілеріміз де осы дәстүрді жалғастырып, абырой биігінен көрінеді деген сенімдеміз, – дей келе, барша сынақ тапсырушы түлектерге ақ жол, сәттілік тіледі.
Айта кетейік, былтырғы жылы 299 оқушы мектеп бітіріп, соның 243-і ҰБТ сынағына қатысып, 162 мектеп бітіруші мемлекеттік грантты иеленсе, биылғы жылы аудан бойынша 293 оқушы он бірінші сыныпты тәмамдап, соның 215-і ұлттық бірыңғай тестілеу сынағына қатысуда. Оның ішінде, 16 мектеп бітіруші «Алтын белгі», 7 бітіруші «Үздік аттестат» иегері.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!