Түлектерге аттестат тапсырылды

239

0

Түлектерге аттестат тапсырылдыАқыл, қайрат, білімді зерделеріне тоқып, он бір жыл бойы білім нәрімен сусындап, үлкен білім ордасынан тағы да бір жас толқын үлкен өмірге қанат қақты. Бұлар — еліміздің көк Туын желбіретіп, Әнұранын асқақтатқан егемен еліміздің ертеңі мен келешегі. 
Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейде бітіруші тулектерге орта білім туралы аттестат табыстау кеші өтті. Салтанатты кешке аудан әкімінің орынбасары Б.Накипов, аудандық мәслихат хатшысы М.Наятұлы қатысып, жас түлектерді мерейлі қуаныштарымен құттықтап, ақ жол тіледі. Аталмыш оқу ордасының оқушылары ең үздік педагогтардан білім алады. Жыл сайын мектепте оқитын дарынды балалар анықталып, олардың білім деңгейін дамытуға барлық жағдай жасалынып келеді. Атап айтқанда «Ы.Алтынсарин-2017» олимпиадасынан  4 оқушы грант жеңіп алса, «Ясауи» олимпиадасынан 2 оқушы, «Абай сыйы» олимпиадасынан 5 оқушы жоғары дәрежелі диплом иегерлері атанды. Жыл сайын аудан мектептерінің бітіруші түлектері Ресей мемлекетінің жоғары оқу орындарының грантын жеңіп келеді. Соның ішінде осы мектептің  2 мектеп бітіруші түлегі Мәскеу балқыту және өңдеу институтының  грант иегері атанды.  Жалпы бұл күні аудан бойынша 38 «Алтын белгі», 18 «Үздік аттестат», 568 орта білім аттестаты 624 мектеп бітірушіге салтанатты түрде табысталды.  Айта кетейік, мектеп бітіруші 624 түлектің 494-і  (79,2%) ҰБТ-ге өтініш берді. (454-қазақ, 40-орыс сыныбы). Ақай ауылындағы орналасқан №155 филиалға 236 оқушы өтініш берсе, №73 филиалға 258 бітіруші өтініш берді. Сондай ақ, Байқоңыр қаласындағы орыс мектептерінің 251 бітірушісінен 39 бітіруші өтініш берді.  
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз