ТҮЛЕКТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

65

0

Облыстық ішкі істер департаментінде 2015-2017 жылдары ҚР ІІМ ведомстволық оқу орындарын бітірген түлектермен кездесу өтті. Жиынға департамент бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Қалижан Жеңісбекұлы, департаменттің кадр жұмысы басқармасының бастығы Асылхан Әбдіреев қатысып, баяндамаларымен бөлісті.

– ҚР ІІМ-нің 2017 жылғы 29 шілдедегі «ҚР ІІО-да жеке тәрбие жұмысын ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» №518 бұйрығына сәйкес, жас қызметкерлермен жеке-тәрбие жұмысы ұдайы жүргізіліп келеді. Мақсат – жас мамандардың кәсіби шеберлігін арттырып, жедел-қызметтің озық шараларын игеруіне септесу. Сонымен қатар жұмыс жүргізу барысында олардың тұрмыстық жағдайы, мінез ерекшелігі, қызмет атқару деңгейі де зерделеніп, баға беріледі. Қолда бар мәліметке сүйенсек, өткен жылы ҚР ІІМ-нің ведомстволық оқу орындарын 40 түлек тәмамдаған. Қазір оларды бос лауазымдарға тағайындау жұмыстары жүргізілуде. Аталған түлектердің жеке істері жасақталып, ҚР ІІМ-нің оқу орындарына жолданды, – деді А.Әбдіреев.

Айта кетейік, ҚР ІІМ-нің ведомстволық жоғары оқу орнында бір баланы оқыту үшін мемлекет тарапынан шамамен 1 млн 400 мың теңге қаражат бөлінеді. Ал, аталған оқу орнын бітірген түлек жұмсалған қаражатты қайтару мақсатында ІІО-да 5 жыл көлемінде қызмет атқаруы тиіс. Алайда, түлектер арасында мерзімнен бұрын түрлі жағдаймен жұмыстан босап қалғандар бар. Олардан сот шешімімен жұмсалған қаражатты өндіру жұмыстары жүргізіліп, 27 қызметкер 8 076 742 теңгені қайтарған.

М.СНАДИНҚЫЗЫ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз