
Ауданында бірдейлендіру бағдарламасы бойынша өткен жылы 129 294 бас ауыл шаруашылығы жануарларына құлақ сырғалары салынып, 26 922 дана ветеринариялық паспорт берілді»- деп мәлімдеді аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Базарбек Сахов. Сондай-ақ, бөлім басшысының хабарлауынша мал басын бірдейлендіру бағдарламасының нәтижесінде облыстық бюджетке 8 млн. 920 мың теңге қаржы аударылып, жоспар 100,5 пайызға артық орындалған. Одан өзге, ауыл шаруашылығы малдарын компьютерлік дерек қорына енгізу 99,7 пайызға орындалыл, Шиелі ауданы облыс бойынша үшінші орынға тұрақтаған.