Түлкібай батырға ескерткіш тақта қойылды

72

0

Түлкібай батырға ескерткіш тақта қойылдыСырдария ауданы Ақжарма ауылында ел азаттығы мен бірлігін сақтаудағы ерен ерліктің үлгісі болған тарихи тұлға – Түлкібай Жаңатайұлының ерлігіне арналған «Түлкібай ерлігі елге үлгі» атты ғылыми-практикалық конференция болып, «Күмісқорған» төбесінде батырға арналған ескерткіш тақта қойылды. 
Тарих кешегі мен бүгінгінің арасындағы алтын көпір десек, есімдері ел жадынан өшпейтін алып тұлғалар болады. Бүгінде ерлігіне 160 жыл толып отырған баһадүр бабамыз Түлкібай батыр да сондай алып тұлғалардың, ардақтап өтер асылдарымыздың бірі саналады. Түлкібай батыр Қызылорда облысы, Сырдария ауданы жерінде ХІХ  ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүрген. Батырдың бейіті  Қызылорда облысы, Сырдария ауданында орналасқан. Түлкібай Жаңатайұлы батырлығымен қоса елін билеген білікті би болған тарихи тұлға. Елі мен жерінің азаттығы үшін Қоқан, Хиуа хандықтарының басқыншыларымен күрескен.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз