«Тұлпар-Тальго» пойыздарының билеттері арзандайды

50

0

«Тұлпар-Тальго» пойыздарының билеттері арзандайды«Жолаушылар тасымалы» АҚ 14 қарашадан бастап «Тұлпар-Тальго» пойыздарында жол жүруге динамикалық баға белгілеу жүйесін енгізуде. Жолаушы билетті ерте сатып алған жағдайда 35 пайыздық жеңілдікке ие болады. Оның үстіне пойыз жүрер уақытта сұранысқа сәйкес билет құны өзгереді. Бұл жайында компанияның баспасөз қызметі мәлімдеп отыр.
 
Динамикалық баға белгілеу жүйесі қолданыстағы №19/20 «Астана-Атырау», №87/88 «Ақтөбе-Астана», №79/80 «Астана-Шымкент», №77/78 «Алматы-Атырау», №49/50 «Алматы-Ақтөбе», сондай-ақ, үстіміздегі жылдың аяғына дейін іске қосылуы жоспарланып отырған №89/90 «Астана-Қызылорда», №67/68 «Астана-Защита» (Өскемен), №69/70 «Алматы-Защита» (Өскемен), №35/36 «Алматы-Шымкент» бағытындағы «Тұлпар-Тальго» пойыздарында енгізіледі:
Пойыз аттанарға 44 тәуліктен 35 тәулікке дейін 30-25 пайызға дейінгі жеңілдіктер;
Пойыз аттанарға 34 тәуліктен 25 тәулікке дейін 20-25 пайызға дейінгі жеңілдіктер;
Пойыз аттанарға 24 тәуліктен 8 тәулікке дейін 5-15 пайызға дейінгі жеңілдіктер енгізіледі.
Мәселен, егер жолаушы билетті 41 күн бұрын сатып алса, жеңілдік 35 пайызды құрайды. Егер, «Тұлпар-Тальго» пойызына Астанадан Ақтөбеге дейінгі құны «Турист» вагонында 11632 теңге болса, жеңілдікпен ол 7561 теңгені құрайды.
Баға белгілеудің жаңа әдісі жолаушылар тасымалының тек авиациялық түрінде ғана емес, темір жол көлігінде де, соның ішінде еуропалық елдердің әлемдік тәжірибесінде де кең таралған. 

 

 

baq.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз