Тұман түсіп, жел күшейеді

53

0

Бүгін антициклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, тек батыста және шығыста жауын-шашын сақталады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді.

Қызылорда, Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Жамбыл, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман, желдің күші 15-20 м/с болады.

Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы, түнде Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз