ТМД Астаналары мен ірі қалалары халықаралық ассамблеясының сессиясы өтеді

53

0

13-14 шілдеде ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында елордада ТМД Астаналары мен ірі қалалары халықаралық ассамблеясының (ҚХА) XXV сессиясы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Сессияның жұмысына ТМД Атқарушы комитеті мен ҚХА-ға мүше 28 қаладан 100-ге жуық адам қатысады. Сондай-ақ сессия отырысына 5 халықаралық бірлестіктің, 7 ғылыми және сараптау ұйымының өкілдері қатысады.

Сессия қазіргі заманғы жаһандық қауіп-қатерлер жағдайында қаланың кешенді тұрақты дамуын қамтамасыз ету бойынша  инновациялық шешімдерді іздестіруге арналады. Оның бағдарламасы пленарлық жиналыс пен тақырыптық екі секциядан тұрады: «Қаланың тұрақталығын қамтамасыз ету үшін ақылды технологияларды енгізу» және «Заманауи қалалану жағдайында көлік жүйесін басқару».

Оған қоса,  2016-2017 жылдар аралығындағы Ассамблеяның қызметі жөнінде есеп беріледі, ҚХА басшылық құрамы сайланады.

Онымен бірге сессия қатысушылары ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін, Астананың индустриалды саябағын, мәдени, білім және денсаулық нысандарын аралайды.

ҚХА – қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша бірлескен шараларды ұйымдастыру үшін 1998 жылдың 3 қыркүйегінде құрылған коммерциялық емес қоғамдық ұйым.

Қазіргі уақытта оның құрамына ТМД 9 елінің 87 қаласы, оның ішінде Қазақстанның 9 қаласы кіреді.

Айта кетейік, Астана 2004 жылдың 17 тамызынан бастап бұл ұйымға мүшелік етеді.

Астана қаласында ҚХА сессиялары бұған дейін үш рет өткен болатын – 2001, 2005 және 2008 жылдары.   

 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз