Түнгі қаладағы балаларды анықтау шарасы басталды

47

0

Түнгі қаладағы балаларды анықтау шарасы басталдыБүгін елімізде
«Түнгі қаладағы балалар» атты жедел профилактикалық шарасы басталды, – деп
хабарлады Қызылорда ОІІД-нің баспасөз
қызметінен.

Мақсат –
жасөспірімдер жасайтын, оның ішінде түнгі уақытта орын алатын, жасөспірімдерге
қарсы жасалатын қылмыстардың алдын алу, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта
себепсіз жүрмеуін қадағалау. Олардың беймезгіл ойын-сауық орындарда болуына жол
бермеу, жасөспірімдерді құқықбұзушылық пен қылмыс жасауға тартатын ересек
адамдарды анықтау.

Шараға
жергілікті атқарушы органдарының, прокуратура, білім беру, денсаулық сақтау
органдарының, ата-аналар комитеттері мен үкіметтік емес ұйым өкілдерін
қатыстыру жоспарланып отыр.

Оның аясында
көңіл көтеретін орындарда, ойын клубтарында, үй-жайлар мен адам көп
шоғырланатын қоғамдық орындарда арнайы рейдтер ұйымдастырылады.
Профилактикалық
шара 20 қыркүйекте қорытындыланады.


Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз