Толқынды Сырдың інжуі

41

0

Толқынды Сырдың інжуіСырдария. Ауданда «Толқынды Сырдың інжуі» атты қыз сыны байқау болып өтті. Жаңа жылда ауданның аруы атану үшін сайысқа бес бойжеткен қатысты. 
Аталмыш сайыс барысында Жазира Жүнісова, Айдана Оспанова, Азия Жорамұрат, Салтанат Маханғалиева және Назерке Бақтыбаевалар сын шақта қазақ қызына тән сән сымбат көрсетті. Қыз сыны таныстыру, мерекелік тілек, шеберлік сайысы, костюмдер шеруі сайыстарынан құралды. Бойжеткендер байқауға бар жігерін салып дайындалған екен. Ерекшелігі сынға түскен арулар ұшқыр оймен берілген мамандық иесіне әзіл пародия жасау және сол мамандыққа сай киген костюмін түсіндіру. Бұл жерде сұлулық емес, берілген образды аша білу есепке алынды. Ресторан аспазы, он баланың тәрбиешісі, шетелдік үлкен компанияның іс-жүргізушісі , үлкен қалада барлық қауырт істің ортасында жүрген журналист қыз, барынша ұялшақ момын қыз бейнелерін сахнада сомдады, мамандықтарды әзілмен жеткізді. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз