Топан су Талаптағы тас жолды шайып кетті

43

0

Топан су Талаптағы тас жолды шайып кеттіЖаңақорған ауданында 27 сәуір, жексенбі күні 12 сағаттан астам толассыз жауған жауыннан Бесарық ауылдық округіне қарасты Кеңес және Бесарық ауылын жалғайтын ауыл ішілік автомобиль жолын су шайып өтті. 
«Басты себеп: аталған ауылдық округтегі «Бесарық» су қоймасының сыйымдылығы 15 млн текше метр суға арналса, бүгінгі таңда мұнда 15 млн текше метр су жиналған. Толассыз жауын салдарынан секундына 10-12 текше метр жаңбыр суы қоймаға келіп құйылған. Кейін жиналған су қойманың авариялық су қашыртқысымен екі ауылдың ортасындағы «Тастақ» арнасы арқылы жіберіліп, Сырдария өзеніне бағытталды. Содан екі ауылдың ортасын жалғап жатқан автожол астындағы су өткізгіштігі 2,5 метр кубқа арналып салынған өткелдің су өткізгіш қабілетінің төмендігі салдарынан су жолды шайып өтуге себепші болды. Алайда ауыл тұрғындарына еш қауіп зиян келген жоқ. Екі ауыл ортасымен байланыста қалпында» деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз