ТОСЫН ОҚИҒАЛАР ОРЫН АЛҒАН ЖОҚ

52

0

ТОСЫН ОҚИҒАЛАР ОРЫН АЛҒАН ЖОҚЖаңа жыл түнінде Қызылорда жолдарында ешқандай төтенше оқиға орын алған жоқ.

Мереке күндері облыстық төтенше жағдай департаменті қызметкерлері жоғары дайындық режимінде жұмыс істеді. Облыс жолдарында ТЖ кезекші бөліміне 3 оқиға тіркеліп, ТЖ қызметкерлерінің жедел қызметі арқасында жолда қалған жолаушылар құтқарылды.

Жаңа жылдың алғашқы күндерінде боран салдарынан «Самара – Шымкент» автожолының Арал қаласы мен Ақтөбе облысы аралығында және «Қызылорда – Павлодар», «Қызылорда – Жезқазған» тас жолдарында барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылды. Күннің күрт жылынуымен 4 қаңтардан бастап жолдар қайта ашылды.

 

Нұрбек САҒАТҰЛЫ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз