«Тойтарыс-2014» тактикалық оқу-жаттығу өтті

37

0

Қызылорда облысының аумақтық қорғаныс құрылымдары «Тойтарыс-2014» арнайы тактикалық оқу-жаттығуын өткізді. Төтеннен келген тұтқиылға әскери құрылым дайын екендіктерін көрсетті.
Аталған оқу-жаттығуға Қызылорда облысының аумақтық қорғаныс бригаданың командалық құрамы ғана емес, сонымен қатар, Қызылорда облысының ішкі істер, төтенше жағдайлар департаменттері, ұлттық қауіпсіздік комитетінің бөлімшелері және жастар басқармасы, облыстық денсаулық басқармасының жедел жәрдем қызметтері, ҚР Қорғаныс министрлігі әскерлерінің взводы тартылады.
Оқу-жаттығудың бірінші кезеңінде арнайы белгі бойынша Қызылорда қаласы әкімдігі облыстық қорғаныс істері жөніндегі басқармамен бірлесіп Қызылорда облысы бригадасына тіркелген командалық құрамын жұмылдырып, оны «Сырдария» оқу-жаттығу лагеріне орналастырды.
Екінші кезеңінде, бөлімшелерді ұрыстық үйлестіру мақсатында Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Жұмылдыру жұмыстары және дағдарыс жағдайындағы шұғыл талдау орталығы» КММ аталған бригада басқармасының күшімен қатысушыларға ұрыстық дайындықтан (саптық, тактикалық және атыс дайындықтарынан) дәрістер өткізілді.
Соңғы кезеңде барлық қатысушылар Сырдария өзенінің жаңа көпір нысанында диверсиялық барлау тобының шабуылына тойтарыс берді. Жалпы, оқу-жаттығу жиынына барлығы 679 адам, 2 сауытты техника, 5 автокөлік, 2 моторлы қайық, 2 ескекті, 1 тікұшақ қатысты. Шараға қатысқан аймақ басшысы Қ.Көшербаев оқу-жаттығу жиынына қатысушыларға алғысын білдірді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз