Тоғызқұмалақшылар табысы

64

0

Тоғызқұмалақшылар табысы Астана қаласында классикалық шахматтан 20 жасқа дейін ұлдар мен қыздар арасында өткен  Қазақстан чемпионатында жерлестеріміз табысты өнер көрсетті.  
15 жасар Әсел Серікбай 20 жастағы шахматшылар арасында жеңіске жетіп, қазан айында Италияда өтетін Әлем чемпионатына жолдама алды. Ол 9 ойыннан 8 ұпай  жинады. Ал Назерке Нұрғали 9 ойыннан 6,5 ұпай жинап, күміс жүлдені иеленді. Ол мамыр айында Иранда болатын Азия чемпионатына  қатысуға мүмкіндік алды. 
Жалпы жарысқа 22 спортшы қатысты. Қыздар арасында жүлделі үш орынның екеуін жерлестеріміз жеңіп алды. Енді спортшыларымызды алда маңызды жарыстар күтіп тұр. Жерлестерімізге тек сәттілік!
 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз