ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚШЫЛАР ТОП ЖАРДЫ

51

0

ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚШЫЛАР ТОП ЖАРДЫОралда өткен жасөспірімдер чемпионатында Қызылорда облысының аға
жаттықтырушысы Марат Рахметов жетекшілік еткен жерлестеріміз 7 медаль
иеленіп,  жалпыкомандалык есепте 1-орынды жеңіп алды.
    Атап айтқанда, 12 жастағы қыздар арасында Әсем Дәуренбекқызы
блицтен 1-орынға, классикадан 2-орынға лайық деп танылды. Блицтен
Ырыскелді Кенжебекұлы, 14 жас қыздар арасында Балнұр Айжарық алтын жүлде
иеленді.
    10 жастағы қыздар арасында классика түрінен сынға түскен Жұлдызай
Мұңайтбасова жеңіс тұғырына көтерілсе,  ұлдар арасында Азамат Маратбеков
қола жүлдені еншіледі. 14 жас ұлдар арасында Дамир Ахметов Қазақстан
жеңімпазы атанды.
    Жеңімпаздар Балнұр Айжарық пен Дамир Ахметов тамыз айында өтетін Азия чемпионатына жолдама алды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз