Тоғызқұмалақтан Қазақстан чемпионатында қызылордалықтар топ жарды

83

0

Тоғызқұмалақтан Қазақстан чемпионатында қызылордалықтар топ жардыПавлодар қаласында жасөспірімдер арасында тоғызқұмалақтан өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында Қызылорда облысының құрама командасы көш бастап, облыс қоржынын 3 алтын, 2 күміс, 5 қола медальмен толтырды.

Ел чемпионаты тоғызқұмалақтың классика және блиц түрінен өтті. Тоғызқұмалақтан жасөспірімдер арасында облыстың аға жаттықтырушысы Марат Рахметов жетекшілік жасаған жерлестеріміз облыс үмітін ақтап, жеңіспен оралды. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Нәтижесінде классика және блиц бойынша сырдариялық Ақерке Кенжебекова 14 жасар қыздар арасында ел чемпионы атанды. Классикадан 10 жасар қыздар арасында Аружан Садықбекова және 12 жасар қыздар арасында Жұлдыз Садықбек (екеуі де №2ОМБЖОРМ) екінші орынды иеленді.

10 жасар ұлдар арасында сырдариялық Аманқос Жантөре мен 14 жасар ұлдар арасында Асылбек Қаржаубаев (№2ОМБЖОРМ) қола жүлдеге қол жеткізді.

Блиц бойынша 10 жасар қыздар арасында сырдариялық Әсем Дәуренбекқызының мерейі үстем болды. 10 жасар қыздар арасында Жұлдыз Мұңайтпасова, 12 жасар ұлдар арасында Бексайыр Айтмаханов (екеуі де №2 ОМБЖОРМ) және сырдариялық Нұрсұлу Маханова 14 жасар қыздар арасында үшінші орынды еншіледі.

Тоғызқұмалақшыларды жарысқа Марат Рахметов, Білімжан Елеусінов, Ғалия Қамбарова және Ақторғын Қошқарова дайындаы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз