Тоғызқұмалақтан қызылордалық әлем чемпионы атанды!

48

0

Тоғызқұмалақтан қызылордалық әлем чемпионы атанды!Алматы қаласында тоғызқұмалақтан ересектер арасында өтіп жатқан III Әлем чемпионатында қызылордалық Хәкімжан Елеусінов жақсы өнер көрсетіп, жеңіс тұғырына көтерілді. Ол классика бойынша 7 ойыннан 6 ұпай жинап, осымен екінші мәрте Әлем чемпионы атанды. Алғашқы рет 2012 жылы Чехияның Пардубице қаласында өткен Әлемдік додада бірінші орынды иеленген болатын. 3 дүркін Қазақстан чемпионы, ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Қазіргі таңда Әлем чемпионы тоғызқұмалақтан жастар және ересектер арасында облыстың аға жаттықтырушысы қызметін атқарады. 

Аталмыш чемпионатта 23 мемлекеттен 28 ойыншы классика, рапид және блиц түрлері бойынша шеберлік байқасуда. Қазақстаннан 2 спортшы қатысып, 1 алтын, 1 күміс медальді иеленді. Алтын медальді қызылордалық Хәкімжан Елеусінов жеңіп алса, павлодарлық Жанат Қаймулдин күміс жүлдені иеленді. Дүбірлі дода бүгін мәресіне жетеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз