«Тұрангаз» бағаны негізсіз көтерген

65

0

«Тұрангаз» бағаны негізсіз көтерген Қызылорда облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу және
бәсекелестікті қорғау департаменті «Тұрангаз» ЖШС-нің 2015 жылғы
қызметінің қорытындысы бойынша  ішінара тексеру жүргізді.
    Департаменттің баспасөз қызметі хабарлағандай, тексеру барысында
сұйытылған газды бөлшек саудада өткізу және автокөлікке құю үшін
сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің шекті бағаларын көтерген
фактілер анықталды. Барлығы 9 тұтынушыға қатысты осындай жағдай
тіркелді. Нәтижесінде негізсіз алынған табыс сомасы 36,3 мың теңгені
құрады.
    Осы ретте  «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы»
Заңның 7-3-бабының 4-тармақшасына сәйкес шекті бағаны негізсіз көтеру
нәтижесінде алынған кірісті тікелей тұтынушыларға  қайтаруға міндетті.
    Одан басқа, тексерумен 2015 жылы департаментке өткізу көлемдері,
табыстылық деңгейі және өткізілетін тауарлардың босатылу бағалары туралы
анық емес ақпараттар беру фактілері анықталды.
     «Тұрангаз» ЖШС шекті бағаны негізсіз көтеру нәтижесінде алынған
кірісті тікелей тұтынушыларға  қайтару міндетін орындамағаны  және
Департаментке анық емес ақпараттар бергені үшін  Қазақстан Республикасы 
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің  166-бабының 1,
4-бөліктерімен әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
    «Тұрангаз» ЖШС-не  қатысты жалпы сомасы 877,4 мың теңгеге әкімшілік айыппұл салу туралы 2 қаулы шығарылды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз