ТҮРКІСТАНҒА БАРЫП ТӘУ ЕТТІ

41

0

ТҮРКІСТАНҒА БАРЫП ТӘУ ЕТТІТүркілердің
төл мекені – Түркістан! Еліміздің рухани астанасы, ежелден мұсылман атаулы тәу етіп барып, зиярат
қылатын құтты, қасиетті мекені Түркістанға жуырда шағандық ақсақалдар мен ақ
жаулықты аналарымыз барып қайтты.

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына
орай Сырдария ауданы әкімдігі мен Шаған ауылы әкімдігінің ұсынысымен аудандық
мәслихат
депутаты Дархан Ералиевтің
демеушілік еткен жолсапар сәтті өтті. Қариялар ежелгі қалада Қожа-Ахмет Яссауи мұражайында және
халқымыздың басқа да ардақты ұлдары жерленген жерде болып, құран бағыштап, ниет
етті.

Хадисте «Алланың разылығы – ата-ананың разылығында, Алланың ашуы –
ата-ананың ашуында» деп айтылады. Расында да, Ананың жақсылығын білмеген
адамның жақсылығын білмейді, ал адамның жақсылығын түсінбеген жанның Алламен де
ісі жоқ. Ата мен ананың ұлттық салт-санамыздағы, бүгінгі қоғамымыздағы
қадір-қасиетін жете түсініп, ақ баталарын алуды ниет еткен халық қалаулысына
ауыл тұрғындары дән риза.

Барлығы
отыздан астам жан жолай Арыстанбабқа барып түнеп, мал шалып, тілек тілеп, құран
бағыштады. Ертесіне Қожа-Ахмет Яссауидің қызы, атақты емші «ГауҺар ана», «Қожа – Ахмет Яссауи» және «Үкіш Ата» кесенелеріне барып, құран оқып,
тәуелсіздігіміздің баянды болуын тілеп қайтты. Ауыл ардагерлері демеушілерге
рахметін айтып, ізгі ниеттерін білдірді.

«Өткенiмен салыстыра отырып, бүгiнгiлер өмiр сүредi” дейдi ақын Олжас
Сүлейменов. Түркiстан еліміздегі ең ежелгi қалалардың бiрi. Оның өзiндiк
кескiнi, өзiндiк тағдыры бар. Ғасырлар қойнауынан бiзге келген ол, ежелгi
байланыстарды елестететiп, бүгінгi заман бейнесіне сай болып қала бермек.

Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз