Түріктер Сыр елінде күріш егуге ниетті

72

0

Түріктер Сыр елінде күріш егуге ниеттіҚызылорда облысының кәсіпкерлер палатасында түркиялық кәсіпкерлер мен сыр диханшылары бас қосты. Түркияның HARMAN компаниясының өкілдері Қызылордада егілген түрік күрішінің сортын, оны Түркия нарығына шығаруға ниетті. 
Ең алдымен, Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш ғылыми-зерттеу институтында болған қонақтар Сыр елінде өсірілетін күріш сорттарымен, өсірілу технологиясымен танысты.
Мұнан кейін Палатада жергілікті шаруа қожалықтарының басшыларымен кездесіп, пікірлесті. Түркияда күріштің 1 киллограмы 1-1,5 доллар, яғни 340-500 теңгенің көлемінде тұрады екен. Өз кезегінде түріктер егер Қызылордадан серіктестер тапса, өздерінің тұқымдарын біздің шаруа қожалықтарына егуге беріп, кейін жинаған астықты толығымен сатып алмақ. Яғни, өнімді өткізу проблемасы шешіледі. Егер серіктестік жалғасын тапса, бүткіл технологияларын енгізіп, екі-жақты тиімді жұмыс атқармақ.
Біздің не үшін Қызылорда деген сауалымызға олар: «Біріншіден, Түркияда күріш егістігі үшін жер көлемі шектеулі, екіншіден ол жақта өсірілген  күріштің өзіндік құны да жоғары», – деп жауап берді. 
Түрік кәсіпкерлерінің айтуы бойынша, егер әріптестік қарым-қатынас орнату мүмкін болған жағдайда механизм былай өрбімек: олар түрік (және итальяндық) күрішң сорттарын өздері әкеліп береді. Ал оны егетін біздің кәсіпкер-диханшыларымыз. Жиналған өнімді аталмыш компания өздері сатып алып, Түркия нарығына шығарады.
Бұл серіктестіктен біздің диханшыларымыз не ұтады? Түркия евростандартқа өткен. Сол үшін де күрішті егу технологиясының барлығы стандартқа сай болып, бәсекеге қабілетті болады. Біздің диханшыларымыз осы тәжірибені өздеріне енгізу арқылы, алыс шетел нарығына шығуға мүмкіндік ала алады. 
Жалпы кездесу өте қызықты өтті. Кәсіпкерлер палатасында болған кездесуден кейін қонақтар «Абзал және К» ТС-де болып, материалдық-техникалық базасымен, егістік алқабымен танысты.
Қызығушылық танытқан түрік бауырларымыз базардағы күріштерімізді сатып алды. Біздіің өнімімізді жоғары бағалауда.
Қызылорда облысының 
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз