Тұрмысы төмен отбасы балаларының оқу ақысын төледі

39

0

Тұрмысы төмен отбасы балаларының оқу ақысын төледі   Сырдария. Өткен жылдың қараша айында аудан әкімдігі «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-мен келісімге келіп, екі тарап меморандумға қол қойған еді. Меморандум аясында жеті жоғарғы оқу орнында оқитын ауданымыздың аз қамтамасыз етілген отбасы балаларының оқу ақысын төлеу жөніндегі келіссөздер жүргізілді. 
  «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ ауданның өсіп-өркендеуіне, дамуына өз үлесін қосуда. Аудан әкімдігінің хабарлауынша, олар былтыр аудан бюджетіне 40 млн. теңге көлемінде қаржы салды. Осының бір дәлелі ретінде ауданымыздағы білімге құштар жастарға көмек қолын созып, жеті аз қамтамасыз етілген отбасы балаларының бір жылдық оқу ақысына жалпы сомасы 1 млн. 895 мың 320 теңгені төлеп, білімге инвестиция салып отыр. Бұл дегеніңіз аталған соманың 4 жылдық жиынтығы-7 млн. 581 мың 280 теңге болады. Осының нәтижесінде Айдана Сағындықова, Айша Балтабай, Мөлдір Берікболова, Әлішер Жолшыбеков, Мөлдір Қалдыбек, Салауат Аманбекұлы және Самат Ажакбаров сондай қолдауға қол жеткізді. 
 

Тұрмысы төмен отбасы балаларының оқу ақысын төледі

 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз