Төрт түлігім – байлығым

69

0

Төрт түлігім - байлығымДәстүрлі түрде биыл ІІІ-ші облыстық малшылар слеті Қаратау етегі Қақпа шатқалында ағымдағы жылдың 13- мамыр күні өтетін болды. Бұл малшы қауымға жасалған құрмет және мұны мал басының артуы деп білген жөн. Себебі жыл сайын төрт түліктің саны көбейіп, өріс өсіп,қора құтқа толып келеді. Оны ауылшаруашылығы басқармасы берген мәліметтен-ақ аңғаруға болады.
Бүгінгі таңда аймақта 307,2 мың бас мүйізді ірі қара, 762,9 мың қой-ешкі, 118,5 мың жылқы, 43 мың түйе, 86,1 мың құс  есепте. Өткен жылмен салыстырғанда ірі қара – 7,5 пайыз, қой-ешкі – 3,6, жылқы – 13,2, түйе – 3,3, құс – 2,5 пайыз өскен.  Демек, мемлекеттік қолдаулар малшы қауымға үлкен серпін берген.
Жуырда ғана Мемлекет басшысы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында аграрлық секторды экономиканың жаңа драйверіне айналдыру міндетін қойған болатын. Осы міндет аймақта агроөнеркәсіп кешенін дамытуға бетбұрыс жасаудың тағы бір мүмкіндігі. Соған сай агроөнеркәсіп саласында ет, сүт, жүн-тері өндіру мен өңдеуді одан әрі дамытуға ұсақ шаруашылық құрылымдары мен жеке секторды  кооперативтерге біріктірудің тиімділігі туралы тың бастама жасалып келеді. Бұл да мал шаруашылығына елеуле екпін беретін шараның бірі.
Биылғы ІІІ-ші облыстық малшылар слеті қай бағытта жүргізіледі? Алдымен мал шаруашылығын ғылыми тұрғыда дамытудың перспективалық бағыттарын бекемдеп, ауылшаруашылығы өндірістік кооперативтерінің жұмысын тиімді жүргізу жөнінде семинар-кеңес ұйымдастыру күтілуде. Слетке Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары, ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі өкілдері, қаржы институты басшылары және мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының жетекші ғалымдары қатысады деп отыр.
Қ.ҚҰРБАН.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз