Тәртіп сақшылары би байқауын ұйымдастырды

41

0

Қызылорда облыстық ішкі істер департаменті есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастамасымен облыс  көлемінде  орта  және арнаулы  орта  оқу  орындары  арасында  «Берік  отбасы  есірткіден  алыс!»  ұранымен  черлидинг  спорттық  би  түрінен  сайыс  ұйымдастырылды.
Сайыс  барысында  облыстағы   оқу  орындарынан  54  команда  (824  оқушы,  студент)  қатысты. Сайыстың  мақсаты  салауатты  өмір  салтын  қалыптастырып,  жастар  мен  жасөспірімдердің  бос  уақытын  тиімді  пайдалануға  баулу  болып  табылды. 
Сайыс  құрылыс  құру  мен  өзара  байланыстың  ерекше  идеялары, қимылдар  мен  музыкалық  сүйемелдеудің  тиімді  таңдауы,   әртістік  қабілет; барлық  қатысушылардың  элементтерді  синхронды  түрде  жасауы; қатысушылардың  сырт келбеттері талаптар  бойынша  бағаланды. Нәтижесінде Қызылорда  қаласының  №3  мектеп-лицейі бірінші  орынды еншілесе, одан кейінгі орындарды Шиелідегі   №48  және Жаңақорғандағы   №163  орта  мектебі иеленді.
 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз