Тәртіп сақшыларының жағасына жармасқан

34

0

Тәртіп сақшыларының жағасына жармасқанКеше сағат 15.00 шамасында жедел басқару орталығының инспекторы бейнебақылау камерасының көмегімен барлау жұмыстарын жүргізу кезінде Қорқыт ата мен Торайғыров көшелерінің қиылысында «Тойота Камри» маркалы автокөлігінің жол ережесін бұзғанын байқайды. 
Жедел түрде жол-патрульдік полиция батальонының қызметкерлеріне хабар береді. Полиция қызметкерлері көлікті тоқтатуға тырысқанда 30 жастағы қала тұрғыны билік өкілінің заңды талабына бағынбай, қатты жылдамдықпен жүріп кетеді. Нәтижесінде Жүргенов көшесінің бойында тоқтап, бағынбаушылық білдіріп, полиция қызметкерінің алқымынан алып, басынан ұрады. Онымен қоймай, кеудесіндегі бейнежетонын сындырып, бірінің погонын жұлып тастайды. 
Дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы 1-бөлігі, яғни билік өкіліне қатысты күш қолдану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.   
Қызылорда ОІІД-нің баспасөз қызметі 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз