Тәртіптік кеңес 7 полиция қызметкеріне қатаң жаза қолдануды сұрады

61

0

Тәртіптік кеңес 7 полиция қызметкеріне қатаң жаза қолдануды сұрадыЖақында өткен Қызылорда облыстық Тәртіптік кеңесі отырысында 10 мәселе қаралды. Бұл туралы тәртіптік кеңестің баспасөз қызметі хабарлады.

Қаралған тәртіптік істердің 7-еуі Қызылорда облысының Әкімшілік полиция басқармасы және Қызылорда ІІБ-ның жол-патрульдік полиция қызметкерлері қатысты болды.

Полиция қызметкерлері С.Молдабаев, Р.Майдабеков, К.Сыздықов, Б.Маханов, К.Әбдібеков, Р.Баймұратов, С.Бабасовтар қызметтiк өкiлеттiгiн пайдаланып, заңда белгiленген тәртiпті әлденеше рет бұзған.

Оған қоса, С.Молдабаевтың, Р.Майдабековтың, К.Сыздықовтың, Б.Махановтың, К. Әбдібековтың қызмет барысында түрлі балағат, боқтау, адамның ар-намысына тиетін ауыр сөздер айтқаны бекітіліп, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің арасында жарғыға сәйкес келмейтін, жағымсыз қоғамдық резонанс тудыратын қарым-қатынастар құрғаны анықталған.

Облыстық Тәртіптік кеңесі, Қызылорда облыстық ішкі істер департаментіне С.Молдабаевтың, Р.Майдабековтың, Б.Махановтың, К. Әбдібековтерді ҚР Президентінің 03.05.2005 жылғы № 1567 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс (Мемлекеттік қызметшілер қызмет этикасының қағидалары)» кодексінің талаптарын сақтамай, ҚР «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңына сәйкес қызметтік тәртіпті өрескел бұзып, құқық қорғау органына кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін және ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы бойынша сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылыққа жол бергендері үшін оларды атқаратын қызметтерінен босату (жұмыстан шығару) түрiндегі тәртiптiк жазасын қолдану туралы ұсынылса, Р.Баймуратов пен С.Бабасовтарға қызметiне толық сәйкес еместiгi туралы ескерту түріндегі тәртіптік жазаларды қолдану ұсынылды.

Ал К.Сыздыков еңбек демалысында болуына байланысты, оған қатысты тәртіптік іс тоқтамға алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз