Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің жаңа қызметі ашылды

64

0

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің жаңа қызметі ашылды Бүгіннен бастап Банктің www.hcsbk.kz ресми сайтында «Жиі қойылатын сұрақтар» атты жаңа бөлім іске қосылды.
Ол сайт тұтынушыларына ыңғайлы шарттар туғызу мақсатында арнайы құрылды. Бөлім Банктің болашақ салымшылары мен қазіргі салымшылары үшін өз пайдасын тигізбек. Онда сіз тұрғын үй жинақ жүйесінің салымдары туралы, депозитті неліктен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде ашу тиімді екендігін, баспанаға қол жеткізу үшін қанша қаражат жинақтау керектігін, сондай-ақ, Интернет-банкинг, онлайн-брондау және Банк кеңесшілерінің жұмыстары туралы толығырақ ақпаратпен танысуыңызға болады.
Жаңа бөлімде сайт тұтынушылары аталған бөлімнің жұмысына қатысты өз пікірлерін қалдыруларына болады. Тұтынушылар тарапынан қалдырылған пікірлерге сай бөлім жұмысы одан әрі жетілдірілетін болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз