ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР АЛАҢЫНЫҢ ЕДӘУІР ҮЛЕСІ ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНА ТИЕСІЛІ

44

0

ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР АЛАҢЫНЫҢ ЕДӘУІР ҮЛЕСІ ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНА ТИЕСІЛІОсы жылдың бірінші жартысында Қызылорда облысы бойынша жалпы алаңы 221801 шаршы метрді құрайтын тұрғын үйлер пайдалануға берілді, – деп хабарлады облыстық статистика департаментінің баспасөз қызметінен. 

    Тұрғын үй құрылысына 12613 млн. теңге салынды. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінде тұрғын үй құрылысында игерілген қаражаттың үлесі 21,5 %-ды құрады. Пайдалануға берілген тұрғын үйлер көлемінің өсуі Арал (16,9%-ға), Жалағаш (12,5%-ға), Шиелі (8,9%-ға), Сырдария (3,2%-ға), Қазалы (2,6%-ға), Жаңақорған (1,5%-ға), Қармақшы (0,3%-ға)   аудандарында байқалды. 

    Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңының едәуір үлесі Қызылорда қаласына (65,8%) тиесілі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз