ТҰРҒЫНДАР ҚАРЫЗЫН ӨТЕМЕСЕ, «ЭНЕРГОСЕРВИС» ҚҰРДЫМҒА КЕТПЕК

45

0

ТҰРҒЫНДАР ҚАРЫЗЫН ӨТЕМЕСЕ, «ЭНЕРГОСЕРВИС» ҚҰРДЫМҒА КЕТПЕКТұрғындар электр энергиясы үшін қарыздарын өтемесе, «Энергосервис»
мекемесі құрдымға кетуі мүмкін. Бұл туралы облыс әкімдігінде серіктестік
басшылары журналистерге жайып салды, – дейді «Қоғам» телеарнасы.
    Мекеме басшысы Еркебұлан Есенбаевтың айтуынша, бүгінгі таңда
аталған серіктестіктің кредиторлық қарызы «КРЭК» Акционерлік қоғамына
303 млн. теңге, «КТЭЦ» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына 103 млн.
теңгеге жеткен. Мұның негізгі себебі электр энергиясын пайдаланған
тұрғындар қарыздарының қордалануы. Мәселен, жыл басынан бері жарық
ақысын төлемеген тұлғалар бойынша 506 талап арыз сотқа жолданып, 34,6
млн. теңгені өндіру көзделген. 268 жауапкерге қатысты 20,2 млн. теңгені
өндіруге сот шешімі шығып, оның 12,8 млн. теңгесі өндіріліпті. Сондай-ақ
серіктестік мамандары саяжайлардағы тұрғындардың электр энергиясы үшін
қарызын өтеу қиын соғып жатқандығын айтады. Мұнымен қоса қала маңындағы
ауылдар да қиындық келтіріп тұрғанға ұқсайды.
    Мекеме басшысы екінші деңгейлі банктерден несие алып, жұмысымызды
жалғастырмасақ, бұрынғы «Қызылорда жарық», «Сыр жарығы» мекемелері
сияқты банкротқа ұшырауымыз әбден мүмкін дейді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз