Тұрғындар коммуналдық қызметке 739,2 млн. теңге қарыз

45

0

Тұрғындар коммуналдық қызметке 739,2 млн. теңге қарызБу қазандықтарына жөндеу жұмыстарын бастамаған және коммуналдық қызметтің қаржысын төлемей отырған мекемелер бар. Өз істеріне салғырттық танытып отырғандардың кесірі кезекті жылу беру маусымына дайындықтың өз деңгейінде жүргізуіне кедергі келтіруде. Бұл туралы бүгін аппарат мәжілілісінде айтылды.
Өткен жылу беру маусымы жоспар бойынша орындалды. Яғни, қысты күндері жылусыз қалған мекеме мен тұрғын үй болған жоқ. Дегенмен, күрделі жөндеу жұмыстарының кеш аяқталуына байланысты жылу 10-15 күнге кеш қосылған үйлер болды. Осындай кемшіліктің алдын алу мәселелері аталмыш жиын барысында талқыға түсті. 
– Кесте бойынша қазандықтарға күрделі жөндеу жұмыстарын «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК, «Оңтүстік қазандығы» филиалы, Арал және Қазалы аудандары мен денсаулық сақтау басқармасы нысандары бастамаған, – деді облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Ержан Әбдіхалықов.
«Облыс бойынша коммуналдық қызметтерге тұтынушылардың қарызы 739,2 миллион теңгені құрап отыр. Мәселен, электр энергиясына 168,6 млн., жылу беру қызметіне 461,8 млн, суға 108,8 млн. теңге. Аймақ басшысы бұл атүсті қарайтын мәселе еместігін атап өтті» деп хабарлайды облыс әкімдігі баспасөз қызметі. 
– Мемлекеттік мекемелер соның ішінде білім ошақтарының қарыздары аз емес. Неге қарыз боласыздар? Түсініксіз. Білім саласын қаржыландыру соңғы уақыттары екі-үш есеге артты. Ал қарыздарыңыз азаймайған. Дұрыс қаржыны үйлестіре алмасаңыздар несіне басшы боласыздар? Судың да сұрауы бар. Жұмыстарыңызды мұқият атқарыңыздар, – деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз