Тұрғындар сауалына жауап берді

43

0

Қоғамдық кеңестердің құқықтық мәртебесін көтеру және халық алдында есеп беретін мемлекет қалыптастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мақсатында тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдау шаралары ұйымдастырылыған болатын. Осыған орай Достық үйінің мәжіліс залында облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов өңір тұрғындарын қабылдады. Қабылдау барысында Серік Салауатұлы ауыл шаруашылығы мақсатындағы және тұрғын үй құрылысын салуға арналған жер бөлу мәселелері төңірегінде тұрғындардың бірқатар сауалдарына жауап берді.
Аймақ тұрғындарымен кездескен С.Қожаниязов алдымен Елбасымыздың кезекті Жолдауының маңыздылығына тоқталып, ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша елімізде алдағы 15 жылда 1,5 млн отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету міндеті жүктелгенін жеткізді. Сондай-ақ ол аталған тапсырма бойынша аймағымызда да тиісті жұмыстар атқарылатынын атап өтті. Мұнан соң тұрғындар тарапынан бірқатар сауалдар жолданып, облыс әкімінің орынбасары көтерілген мәселелер алдағы уақытта рет-ретімен өз шешімін табатынын жеткізді. 
Кенжетай ҚАЙРАҚБАЕВ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз