Тұрғындар талабы басты назарда

40

0

Кеше қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың есепті кездесуі №101 орта мектепте жалғасын тапты. Жиында алдымен қылмыстық әрекеттердің алдын алу мақсатында өткен жылы өңірде атқарылған жұмыстар жайында қалалық жергілікті полиция қызметі басшысының міндетін атқарушы  Аманкелді Өмірзақұлының баяндамасы тыңдалды.
Мұнан соң шаһар басшысы Н.Нәлібаев көпшілікті мешін жылы аймақта атқарылған ауқымды істер мен алдағы міндеттер жайында хабардар етті. Кездесу соңында қала тұрғындары бірқатар мәселе бойынша өз сауалдарын жолдады. Ал, қала әкімі кездесуде көтерілген әрбір мәселенің назарға алынып, алдағы уақытта кезең-кезеңімен өз шешімін табатынын жеткізді.
Кенжетай ҚАЙРАҚБАЕВ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз