Түсіндірме жұмысын жүргізді

62

0

Техникалық реттеу және метрология комитеті облыс бойынша депар­таментінің қызметкерлері «КазСтИн» РМК өкілдігімен бірге «НурСтрой ЛТД» ЖШС-да болып, түсіндірме жұмысын жүргізді.
«НурСтрой ЛТД» ЖШС 2005 жылы «Еңбек» АҚ базасында құрылған. Мұнда 6 өндірістік цех жұмыс істейді. Олар – бетон, темір, дайындау, электрлі, механикалық жөндеу және компрессор цехы. 2006 жылдың қыркүйек айында компания Сапа жүйесі менеджменті бойынша ИСО 9001-2001 халықаралық стандартын толық енгізді. Компанияда өндірістік-азаматтық, ауыл шаруашылығы және су шаруашылығы құрылысына арналған өнімдер шығарылады. Зауыттың жобалық қуаты – жылына 84 мың м³ темір-бетон өнімдері. Қазіргі кезде 120-дан аса темір-бетон өнімдерін шығарады.
Түсіндірме жұмысын жүргізу барысында мамандар «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР Заңы бойынша кеңестер берді.

Техникалық реттеу және метрология комитетінің облыс бойынша департаменті

 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз