ТУҒАН ЖЕРГЕ ТАҒЗЫМ

81

0

Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Арал ауданының тумасы ҚР Қорғаныс министрлігінің Бас штаб бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы генерал-майор Мұхамеджан Таласов туған жерге табан тіреп, №262 мектеп-гимназиясының 10-11 сынып оқушыларымен кездесті. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақасында көрініс тапқан «Туған жер» бағдарламасы аясында өткен кездесуде Мұхамеджан Қадыржанұлы жастарды туған жерді сүйіп, әрқашан қамқорлық танытып жүруге шақырды. 
Сонымен қатар, өзінің ел алдында атқарған қызметі мен еңбек жолын кеңірек әңгімеледі.
Тәрбиелік мәні терең іс-шара барысында жеткіншектер ауданымыздан түлеген кездесудің басты кейіпкеріне сауалдарын жолдап, үлгі-өнегесі мол тұшымды жауаптар алды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз