Тәуелсіздік күніне орай БАҚ өкілдері марапатталды

44

0

Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы және «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздік күніне орай республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесу өтті.

Жиында облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Руслан Рүстемов БАҚ өкілдерін Тәуелсіздік күнімен құттықтап, бірқатар журналистерді Алғыс хаттармен марапаттады.

Басқарма басшысы өз сөзінде: «Ел Тәуелсіздігінің 23 жылында еліміз әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуында үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Бұған бұқаралық ақпарат құралдарының да қосқан үлесі зор» – деп атап өтті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз