Тәуелсіздікке тарту

45

0

Тәуелсіздікке тартуЖуырда Қызылорда қаласында ресейлік танымал пианист Андрей Дубовтың классикалық концерті болып өтті. Санкт-Петербург қаласының «Музыка үйінен» облыстық филармония басшылығының  шақыртуымен келген жас таланттың өнеріне жұртшылық ризашылығын білдірді. 
Концерттің алғашқы бөлімінде жас пианист А.Дубов есімдері әлемге танымал композиторлар – Фредерик Шопен мен Роберт Шумонның шығармаларын тыңдарман назарына ұсынды. 
Гнесиндер атындағы Ресей музыка академиясының түлегі, халықаралық конкурстардың лауреаты Андрей Дубовтың есімі бүгінде классикалық өнерді сүйетін қауым¬ға кеңінен танымал. 1987 жылы Мәскеу қаласында дүниеге келген өнерпаз биік белестерді бағындырды. Мәселен, ол «Шебер¬лікке бастайтын жол» атты  І Бүкілресейлік  фортепиано байқауының жеңімпазы, Мәскеу қаласында өткен «Классикалық мұра» атты Халықаралық байқаудың лауреаты. Сондай-ақ, 2008 жылы ұйымдастырылған VII Жастар Дельфийлік ойындарының  І сыйлығының лауреаты және «Алтын  алқа” иегері. 
Ресей мен Еуропа мемлекеттерінің көптеген қалаларында гастрольдік сапармен болып, талғампаз тыңдарманның ыстық ықыласына бөленіп жүрген талантты пианисттің жетістіктері мұнымен шектелмейді. Андрей Дубов 2011 жылы Францияның Эпиналие қаласында өткен  XXIII Халықаралық пианисттер байқауында ІІ орынды, 2012 жылы Германияда өткен Артур Рубинштейн атындағы V Халықаралық байқауда ІІІ орынды, ал өткен жылы Алматыда өткен VІІ Халықаралық пианиношылар бай¬қауында  жүлделі І орынды жеңіп алған.  
Екі бөлімнен тұратын кеште Андрей Дубов Cергей Рахманиновтың романстары мен Игорь Стравинскийдің шығармаларын орындап, қызылордалық талғампаз көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Айта кетейік, бұл концерт ел  Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесіне арналды.
Кенжетай ҚАЙРАҚБАЕВ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз