«Тәуелсіздіктің 25 аса маңызды оқиғалары» кітабы таныстырылды

50

0

«Тәуелсіздіктің 25 аса маңызды оқиғалары»  кітабы таныстырылдыБүгін ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Орталық коммуникациялар қызметінде Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов пен «Тәуелсіздіктің 25 аса маңызды оқиғалары» кітабының авторы Берекет Кәрібаевтың қатысуымен брифинг өтті.
Руслан Рүстемұлы брифингке қатысқандарды мерейлі мерекемен құттықтап, Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен  жарық көрген  «Тәуелсіздіктің 25 аса маңызды оқиғалары»  атты туындыны таныстырды. 
Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған кітап авторы ҚР Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Берекет Кәрібаев.   
Сыр бойының тумасы Берекет Бақытжанұлының ұзақ жылғы ізденістері негіз болған кітапта еліміз бен өңірдің еркіндік алғалы бергі кезеңдері толық қамтылған.
– Аймақта Елбасының «Тәуелсіздік жылдарындағы жетістікті бір ғана Қызылорда облысынан көруге болады» деген сөзіне арқау болатын ауқымды іс көп. Даму көрсеткіштері нығайып, әлеуметтік салаға баса мән берген өңірде Тәуелсіздіктің 25 жылында 109 денсаулық сақтау, 198 білім беру нысандары салынды. Назарбаев зияткерлік мектебі, қазақ-түрік лицейлері, дарынды балаларға арналған «Дарын» мектеп-интернаты, барлық білім жүйесіне таратылып жатқан инновациялық мектептердің өзіндік жүйесі пайда болды. Облыс халқының 95 пайызына орталықтандырылған ауыз су жүйесі жеткізілді,- деді Р. Рүстемов.
Брифинг спикерлері «Тәуелсіздіктің 25 аса маңызды оқиғалары» кітабы ғылыми еңбек емес, көпшілікке арналған танымдық кітап екендігін айтып, еліміздің өткеніне қызығушылық танытқандарды туындыны оқуға шақырды.  
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз