Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай бір мезетте 25 бүлдіршіннің тұсауы кесілді

39

0

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай бір мезетте 25 бүлдіршіннің тұсауы кесілдіБүгін Наурыз мерекесі күні облыс әкімі жанындағы әйелдер мен отбасылық-демографиялық саясат істері жөніндегі комиссиясы бастамасымен орталық алаңда 25 бүлдіршіннің тұсауы кесілді. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев бастап, Ұлы отан соғысының ардагерлері, қоғам қайраткерлері, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары, батыр аналар және елімізге танымал тұлғалар бір мезетте 25 баланың тұсауын кесті. 
– Қатты толқып тұрмын. Әлихан деген ұлымның тұсауын облыс әкімі кесті. Бұл біздің отбасымыз үшін ерекше есте қалатын күн болды. Баламыз осы азаматтар сияқты еліне қалаулы болуын қалаймыз, – дейді кішкентай Әлихан Бексейіттің анасы Элмира Төлегенова. 
– Менің ұлым Бексұлтанның тұсауын Ұлы отан соғысының ардагері Ыдырыс Қалиев атамыз кесті. Ұлымыз ардагер атасындай батыр, ержүрек, Отанын қорғайтын ер болсын деп тілейміз, – дейді Бексұлтан Жаңалының анасы Ақбота Рысбаева. 
Тұсауы кесілген балақайларға «Даналық әліппесі» тарту етіліп, ақсақалдар ақ батасын берді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз