Турагенттіктер Байқоңырда зымыран ұшырылуын 141 мың теңгеге тамашалауды ұсынады

57

0

Турагенттіктер Байқоңырда зымыран ұшырылуын 141 мың теңгеге тамашалауды ұсынадыЕліміздегі туристік компаниялар Байқоңыр ғарыш
айлағынан ғарыш кемелерінің ұшырылымын турситерге тамашалатуды қолға
алды. Мұндай қызметті «Turan Asia» туристік компаниясы ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Компаниядан
хабарлағандай, туристер «Союз» зымыран-тасығышын жинақтау-сынау
корпусынан шығару және ұшырылым тұғырына орнату, ұшырылымға арналған
халықаралық баспасөз мәслихатына қатысу, 2016 жылдың 19 наурызына
жоспарланған зымыранды ұшыру және осыған орай өткізілген шараларға
қатысады.

Байқоңырға Алматыдан Қызылордаға дейін ұшақпен,
кейін Төретам стансасына дейін пойызбен немесе Алматыдан Төретам
стансасына дейін пойызбен жетуге болады. Бір адам үшін екі күн және бір
түнге арналған авиабағдарлама құны 158 мың тенгеден, ал теміржол
бағдарламасы 141 мың теңге болады.

Ғарыш айлағына бару үшін Ресей ғарыштың арнайы
рұқсатын алу керек. Бұл шаруамен турагенттік айналысады. Шетел
азаматтары үшін өтінішті қарастыруға 60 күндей уақыт керек.
Туркомпанияның хабарлауынша, көрсетілген экскурсияның және ғарыш
айлағындағы нысандарды аралау тәртібі зымыран ұшыру мерзіміне
байланысты. Ұшыру мерзімінің кейінге шегерілуіне немесе ұшырмай қалуына
туристік оператор жауап бермейді. Фотоға және видеоға түсіру бақылаушы
органдардың рұқсатымен және экскурсиялық нысанға келгенде бөлек
төленеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз