«Turkvizyon-2014» конкурсына Қазақстан атынан Жанар Дұғалова қатысады

55

0

«Turkvizyon-2014» конкурсына Қазақстан атынан Жанар Дұғалова қатысадыҚазақстандық әншілер арасында финалдық іріктеу сынынан өткен белгілі әнші, тележүргізуші Жанар Дұғалова Татарстанның Қазан қаласында 19 және 21 қарашада ұйымдастырылатын «Turkvizyon-2014» байқауында ел намысын қорғайтын болды.

Ән байқауында елімізді таныту үшін Астанадағы іріктеуде 16 әнші бақ сынады. Кешті Нұрболат Абдуллин ашты. Сахнаға екінші болып, Мархаба Сабиева шықты. Қазылар мүшесі оның өнерін жоғары бағалады. Ал нағыз өнер сайысы «Алашұлы» тобы, Жанар Дұғалова, Серік Ибрагимов және «ТТ» тобымен Дастан Оразбеков арасында қызды. Осымен екінші рет іріктеу сынына қатысып отырған Нұржан Керменбаев та ерекше өнер көрсетті.

Барлық әншілер өнерін көрсеткеннен кейін 1 сағат смс арқылы дауыс беру жүрді. Қазақстандықтардың берген дауысы және ұпай сандарымен үздік болған бестік анықталды. Олар:

1. Жанар Дұғалова
2. Нұржан Керменбаев
3.Серік Ибрагимов
4. «Алашұлы» тобы
5. Дастан Оразбеков «ТТ» тобымен «Қазақпын мен» әнімен озып шықты.

Айта кетейік, қазылар алқасының құрамында композитор және продюсер Ренат Ғайсин, айтыскер Айнұр Тұрсынбаева, Астана қаласының мәдениет басқармасының басшысы Болат Мажағұлов, әнші Алтынай Жорабаева мен композитор Арман Дүйсенов болды.
Еске сала кетсек, «Turkvizyon» түркі жұртшылығы үшін «Евровидение» байқауының баламасы болып табылады. Бұл конкурсты 300 млн.-ға жуық адам тамашалайды.

 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз