«ТЫМАҚҚА САЛУ» САЛТЫН ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТТЫ

53

0

«ТЫМАҚҚА САЛУ» САЛТЫН ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТТЫҚызылорда облыстық Ана мен бала орталығының мәліметіне сүйенсек, аймақта
өткен жылы дүниеге келген 350 нәрестенің 37-сі шала туылған. Биыл 9
айда 510 бала мерзімінен бұрын туылған.
    «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының тілшісі хабарлағандай, оның
ішінде 35 бөпенің салмағы 1 келіге де жетпейді. Бұрын егде жасқа келіп
босанған әйелдердің баласы әлсіз болса, бүгінде иммунитеттің төмендігі
жас аналарда да байқалады.
    Манат Бодықова,
    облыстық Ана мен бала орталығы бас дәрігерінің орынбасары
    – Көптеген адамда мерзімінен бұрын дүниеге келген
балалардың ары қарайғы тағдыры мен мүгедектікке байланысты сұрақтар
туындайды. Жөргекте жетілуге тиісті бөпенің бабын табу оңай шаруа емес.
Аса ұқыпты күтім, жоғары технологиялық құралдарды қолдана отырып сапалы
емдеу қажет. Ұзақ бақылау тағы керек.

    Ата-әжелеріміз бұл проблеманың түйінін өткен ғасырларда-ақ
шешкен. Он құрсақ көтеріп, оларды өсіріп-жетілдірген батыр ана Ұлжан
әжей шала туылған немересін «тымаққа салып» өсіріпті. Қазір ол салт
біршама өзгерген. Жаңаланған нұсқаның авторлары – «28 ілмек» клубы.
Қайырымдылық ұйымы шала туылған нәрестелерге қажетті тоқыма бұйымдарын
әзірлейді.
    Көтерем, әлжуаз баланы баптауда ата-бабалар амал-әрекетін қазіргі
медицина да мойындады. Тоқыма киімдердің шала туған балалардың
өсіп-жетілуіне пайдасы орасан екенін ақ халаттылар медициналық тұрғыда
дәлелденгенін айтады. Қазіргі таңда облыстық перинаталды орталық «28
ілмек» клубымен тығыз байланыста.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз