ҰТЫМДЫ ҰСЫНЫС, ҰТҚЫР ОЙ

115

0

ҰТЫМДЫ ҰСЫНЫС, ҰТҚЫР ОЙСәрсенбі күні «Нұр Отан» партиясы облыс­тық филиалының ұйымдастыруымен «Қазақ­стан-2050» демократиялық күштері облыстық коалициясының кезекті отырысы өтті.

Жиын барысында ЕлбасыНұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-сессиясында жасаған ғаламдық ұсыныстарының саяси және тарихи маңыздылығы мен «Ұлт жос­пары – 100 нақты қадам» бағдарламасынан туын­дайтын кадр саясаты талқыланды. Оған облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Жазира Жылқышиева, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Марат Оразали, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушылары мен студенттері қатысты.

Алғаш болыпсөз алған партияның Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Наурызбай Байқадамов күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша кеңінен айтып, 170-тен аса елдің басшылары бас қосқан жиынның маңыздылығына тоқталды.

Басқосуда Президентіміз айқындап берген, елімізді биіккежетелейтін 100 нақты қадамның аясындасөз қозғалды. Қатысушылар қоғамның барлық саласын дамыту, жандандыру мақсатында кәсіби мемлекеттік аппаратты құру керектігін кеңінен талқылады. Бұл орайда, «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысының облыстық үйлестірушісі Жасұлан Серіков Елбасының ұсынған Ұлт жоспарының маңызы зор екендігін айтты.

– Осы уақытқа дейін еліміздегі кадр саясатына байланысты түрлі пікірлер айтылып келді. Елбасымыз өзінің «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» бағдарламасында осының бәрін ерекше атап өтті. Ал Елбасының БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-сессиясында айтқан ұсыныстарына біз ғана емес,әлемдікБАҚ өкілдері, саясаткерлер де жоғары бағасын берді, – дейді Жасұлан Серіков.

Өзге де қатысушылар осылайша өз ойларын ортаға салып, ашық пікір алысты. Айта кетейік, коалиция құрамында 6 жетекші саяси партия, 18 ірі қоғамдық бірлестік, 500-ден аса аймақтық үкіметтік емес ұйым бар.

М.ҚОЖАХМЕТОВА.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз