Тынымбай Нұрмағанбетовтің 70 жылдық мерейтойына орай жазушының туған жерінде кездесу өтті

35

0

Тынымбай Нұрмағанбетовтің 70 жылдық мерейтойына орай жазушының туған жерінде кездесу өттіБүгін Жаңақорған аудандық мәдениет үйінде көрнекті жазушы, көркем проза
шебері Тынымбай Нұрмағамбетовтың 70 жасқа толу мерейтойына арналған
«Дара дарын, қарымды қаламгер» атты шығармашылық кеш өтті, деп хабарлады
Жаңақорған аудандық әкімдігінің баспасөз қызметінен. 

Қаламы жүйрік,
ойы ұшқыр, бойына ізгілік үрдісін сіңірген қаламгерді алғаш болып аудан
әкімі Руслан Рүстемұлы құттықтап, арнайы ықылас гүлін тарту етті.

Аталған мерейтой салтанатына Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы
төрағасының бірінші орынбасары Ғ.Жайлыбай, ҚЖО мүшесі, ақын
Ә.Рахымбекұлы, ҚЖО Қызылорда облыстық филиалының төрайымы, ақын
Қ.Есемсейітова, ҚЖО мүшесі А.Сәдікұлы, ҚЖО мүшесі, ақын М.Әміреұлы, ҚЖО
мүшесі, ақын «Қоғам» телекомпаниясының директоры Ш.Әбдікәрімов пен ҚЖО
мүшесі, ақын А.Сопбеков қатысты.

Кеште аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары қаламгердің жүріп өткен
өмірі мен жеке шығармалығы жайында сыр шертетін әңгімел желісінен
үзінді қойды. Шырайлы жүздесудің соңы сыр- сұхбатқа ұласты.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз