Тыныштық күзетіндегі қыз-келіншектер құрметке бөленді

107

0

Тыныштық күзетіндегі қыз-келіншектер құрметке бөлендіКеше Қызылорда облыстық ішкі істер департаментінде Халықаралық әйелдер мерекесіне орай мерекелік шара өтті,  деп хабарлайды Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі.

    Салтанатты шарада полиция қызметінің ауырлығына қарамастан, азаматтық борышын өтеу жолында қажымай еңбек етіп, қоғамның тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғап жүрген нәзік жандыларды құттықтау үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің құттықтау жеделхаты ресми түрде оқылып, полиция генерал-полковнигі Қ.Қасымовтың бұйрығымен өз қызметтік міндеттеріне адалдықпен қарап, қызметтерінде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген департаменттің қыз-келіншектері марапатқа ие болды. 

    ІІ дәрежелі «Ішкі істер органдарының үздігі» омыраулық белгісімен Қызылорда ОІІД Жалағаш ауданы ішкі істер бөлімі жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі аға учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Ахметова Ұлбосын Жақсылыққызы, Қызылорда ОІІД Арал ауданы ішкі істер бөлімі жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі аға учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Есенжолова Гүлнар Тулегеновна, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің «Грамотасымен» Қызылорда ОІІД Қызылорда қаласы Ішкі істер басқармасының Жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция бөлімшесінің бастығы полиция майоры Бектемір Эльмира, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің «Алғыс хатымен» Қызылорда ОІІД Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің жетекші маманы Жайболсынова Тазагүл Тасбергенқызы марапатталды. Жалпы айтулы күнге орай, департаменттің 72 қыз-келіншегіне құрмет көрсетіліп, оның ішінде 9-ы аепартамент бастығының Құрмет грамотасымен, 13-і грамотамен, 19-ы алғыс хатпен марапатталып, 31-іне алғыс жарияланды. 

    Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасын тауып, отбасының ұйытқысына, татулық пен келісімнің тірегіне айналған, махаббаттың, сұлулықтың символы саналатын құрметті ақ жаулықты аналардың, ардақты әйелдердің  құрметіне әндер шырқалып, билер биленіп, ақ тілектер мен мадақтар айтылды. Сонымен қатар, шара барысында жоғары кәсібиліктің үлгісін көрсетіп, ішкі істер органдарында халықтың мүддесі үшін көп жылдар бойы  қажымай еңбек етіп келген ішкі істер органдарынан құрметті еңбек демалысына шыққан зейнеткер апалардың құттықтауы, естеліктері, кейінгі буын өкілдеріне айтар ақыл-кеңестері тыңдалды.  

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз