Тұңғыш Президент күні Қызылжарма жерасты су қоймасы пайдалануға беріледі

64

0

Тұңғыш Президент күні Қызылжарма жерасты су қоймасы пайдалануға беріледі 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні Қызылорда
қаласында Қызылжарма жерасты су қоймасы пайдалануға беріледі. Мамандар
«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында атқарылған шаралар нәтижесінде
қызылордалықтардың толықтай таза ауызсумен қамтылатын болады болады деп
сендіруде. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Сондай-ақ,
Тасбөгет кентін толық газдандыру мақсатында қолға алынған құрылыс
жұмыстары аяқталды. Көп ұзамай кент жұртшылығы көгілдір отынның игілігін
көрмек.

Осы күні қаладағы үш аумақта қоныс тойы болады.
Олар – «СПМК-70» шағын ауданы, Желтоқсан көшесінің бойы және «Маржан»
көппәтерлі тұрғын үй кешені. Бұған қоса бокс орталығы да осы күні
ашылады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз