ТҰҢҒЫШБАЙ ЖАМАНҚҰЛОВ СОТТАЛДЫ

77

0

ТҰҢҒЫШБАЙ ЖАМАНҚҰЛОВ СОТТАЛДЫҚазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұловқа үкім оқылды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.
Сот прокурор сұрағандай жаза тағайындады. №2 Медеу аудандық сотында прокурор Тұңғышбай Жаманқұловты 7 жыл 6 айға соттауды, бірақ Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жарияланған рақымшылық бойынша жаза мерзімін 3 жыл 7 айға азайтуды және жасы жеткенін ескеріп шартты жаза кесуді сұраған еді.
Соттағы ақтық сөзінде Жаманқұлов «Өмірімнің осы шағында мұндай жағдайға түсемін деп ойламаппын. Бар ойым тек жақсы фильм түсіру ғана болды. Мен ақша жұмсаумен мүлде айналыспадым. Мен продюсер болдым. Продюсер дегеніміз идеялық жағынан жұмылдырушы адам. Осы жерде отырған менің тобымда Юдинадан басқа ешкім мені ақша алды деген жоқ. Мен – ақпын. Оны сіздің алдыңызда, құдайдың алдында айта аламын», – деген.
Айта кетсек, Жаманқұлов Көркем фильм түсіруге бөлінген 69 миллион теңге қаражатты жымқырды деген күдікпен жарты жыл бұрын ұсталған болатын. Онымен қоса «Феникс» фильмі төңірегіндегі даудан режиссер Талғад Жәнібеков, «Феникс» фильмінің атқарушы продюсері Наталья Юдина, Қазақфильм» АҚ экономика және қаржы жөніндегі атқарушы директоры Гауһар Ысқақова, картина редакторы Гизат Сұлтанов, жеке кәсіпкер Илья Коробейников, картинаның екінші режиссері Бижан Әбішев, «Феникс» фильмінің дайындығы кезінде түсірілім тобын басқарған директор Марлен Әбішев, ЖШС өкілі Данияр Маратұлы Әбдіқадыровтер сотқа тартылған.
Сот Наталья Юдинаны кінәлі деп тауып 7 жылға бас бостандығынын шартты түрде айырды. ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай жарияланған рақымшылық бойынша жаза мерзімін 5 жылға қысқартты. Бес жыл бойы мемлекеттік қызмет органдарында басшылық қызмет атқара алмайды. Талғад Жәнібековті сот кінәлі деп тауып 7 жылға бас бостандығынын шартты түрде айырды. Талғад Жәнібеков 5 жыл мемлекеттік қызмет органдарында басшылық қызмет атқара алмайды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз