Қуанышбай Төлегенов зілтемірді жатып сығымдап көтеруден екі дүркін әлем чемпионы атанды

39

0

Қуанышбай Төлегенов зілтемірді жатып сығымдап көтеруден екі дүркін әлем чемпионы атанды Данияның Родби қаласында зілтемірді жатып сығымдап көтеруден
жасөспірімдер арасында Әлем чемпионаты өтті.
Дүбірлі бәсекеде 66 келіге
дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Қуанышбай Төлегенов еліміздің
намысын қорғап, Әнұранын шырқатты. Бұл туралы Қызылорда облыстық дене
шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Ол 165 келі зілтемірді көтеріп, биыл екінші мәрте әлем чемпионы атанды.

Қуанышбай енді мамыр айында классикалық жатып
сығымдап көтеруден өтетін Әлем чемпионатына дайындалады. Оны жарысқа
пауэрлифтингтен және жатып сығымдап көтеруден жаттықтырушы Файзулла
Идрисов дайындады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз