Әулиеден тәбәрік

66

0

Әулиеден тәбәрік«САДАҒАДАН
СЫБАҒА» атты қайырылымдық шарасы өтті.

Жанқожа Нұрмұхаммедұлының
240 жылдық торқалы той қарсаңында Қазалы ауданында денсаулығына байланысты үйлерінен шыға алмай қалған,
тұрмысы төмен 120 отбасына қайырылымдылық көмек көрсетілді. 32 уақ малдан және Есқожаев
Мерей шаруа қожалығы биылғы жаңа өнімнен 1 тн. 200 кг. күріш өнімдері үлестірілді.

Бұл
шара одан әрі жалғасын табуда.

Әулиеден тәбәрік.

Ұлы той күндері Мүсірәлі пір атындағы «Әулиеден тәбәрік»
акциясы да өткізіледі. Акция кезінде
Мүсірәлі әулие ұрпақтары ауданымыздағы қамқорлықты қажет ететін отбасылардың
100 оқушы баласына 20 мың теңгеден
2 млн. теңге көлемінде ақшалай сыйлық табыстайды.

Сондай-ақ, Мүсірәлі Әзі ұрпақтары батыр бабамыздың торқалы
той құрметіне 12 қанатты екі киіз үй тігіп, сыйлы
қонақтарға қызмет етеді.

 

 

Халыққа қайырымдылық жасаған азаматтарға ұйымдастыру комиссиясы алғыс білдіреді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз